Білім саласына Финляндияның үздік университеттерінің тәжірибесі енгізілмек

Елімізде Финляндияның үздік университеттерімен бірлескен арнайы бағдарлама дайындалып жатыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап педагогтердің жаңа кәсіби стандарттары пысықталады. 30 жаңа оқу бағдарламасы, сондай-ақ педагогикалық университеттердің жаңа аттестациялық моделі енгізіледі. Бағдарлама мақсаты – педагог даярлау сапасын арттыру.

Саясат Нұрбек ҚР ғылым және жоғары білім министрі:

– Қазіргі таңда жайлы мектеп деген үлкен бағдарлама жолдауда айтылды. Біз жаңа 1000 мектеп салуымыз керек. Бірақ мектеп ұстазсызрухсыз дене секілді. Сондықтан біздің алдымызда үлкен тапсырма тұр. 2026 жылға қарай жүз мыңнан астам педагогті дайындауымыз керек. Білікті педагог мамандарға тапшылық байқалады. Ол үшін министрлік тарапынан бірнеше шара ұсынылады