loader


Құлынжол ауылында білім берудің бірегей кешені ашылды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында аядай ғана Құлынжон ауылында елде жоқ ерекше «Ыбырай мектебі» ашылды. Аталған нысанда білім мен тәрбие берудің үздіксіз әдісін таңдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни ол жерде балабақша да, бастауыш сынып та, жоғарғы сынып та қамтылған. Оның үстіне ата-аналармен қарым-қатынас орталығы да бар. Самар ауданы Құлынжон ауылының қақ ортасындағы Ыбырай мектебінде балабақша да, бастауыш сынып та жоғарғы сынып та бар. Яғни балаңыз осы ғимаратқа  балабақша тәрбиеленушісі болып кіріп, мектеп түлегі болып бір-ақ шығады. Тағы бір маңыздысы мұнда Астанадан келген бір топ үздік мұғалім сабақ береді. Олар ауыл балаларының зейінін ашуға ат салысуда.

Уәзипа Солтабаева, Самар ауданының тұрғыны:

– Өздері оқытады өздері дайындайды, одан кейін түстен кейін үйірмелері бар, бала бос болмайды, кешке келеді.

Мектепте Сингапур, Финляндияның орта білім бағытындағы озық әдістері қолданылады.Мичиган университетінің ғалымдарымен де тәжірибе алмасуда.Ортақ жұмыстың басы міне басталып та кетті. Осындай жоба арқылы біріктірілген шағын мектептерден құтылу керекпіз дейді мұғалімдер.

Аралбек Берікұлы, Ыбырай мектебінің директоры:

– Кейбір ауылдарда мен қарадым, бес-алты-жеті бірге отыр, үш сынып бірге отыратын сыныптар бар, олай оқығанша осындай жақсы ғой, жағдай барлығы жасалған интернатта тұрса, бес уақыт тамағын жесе, өте жақсы оқытылған ұстаздардан білім тәрбие алса, мұндай орталық ауылда өте маңызды.

Мұнда қырықтан астам оқушы көрші ауылдардан келіп оқып жүр.Жуырда сондай балаларға интернат ашу жоспары тұр. Ал ғимараттың жабдықталуы ерекше. Ата анамен қарым қатынас орталығынан бастап тынығу орындары, сыныптар ең қажетті дүниелермен жабдықталған. Бұл әсіресе оқушыларға өте жайлы.

Набижан Намозов, оқушы:

– Әдемі екен жарық екен осындай мектепте оқығаныма қуаныштымын.

Егер осы әдіс жақсы нәтиже көрсетіп жатса болашақта мұндай мектептер саны артуы мүмкін.

Айдын Рахымбаев, демеуші:

– Болашақта қазір, міне, келісіп жатырмыз,болашақта осы методологияны қазір орнатсақ, әрине оны жалғастыра береміз, басқа мектептерге де жалғастырамыз.

Жалпы Самар ауданында 1854 оқушы бар екен. Яғни осы балаларды толық қамту үшін Ыбырай мектебіндей үш кешен болса жеткілікті.

Авторлары: Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов

 

Сондай-ақ...