loader


Халықаралық білім беру бағдарламасына бірінші жылы 170 студент қабылданды

Солардың бірі – Алтын Нұрмазанова. «Аризона университетінің оқыту жүйесі өте қызық», - дейді ол, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алтын Нұрмазанова, Kozybayev university және University of arizona студенті:

- Біздің Петропавл үшін Аризона университетінде білім алу – үлкен мүмкіндік. Оқытушылар құрамы да мықты. Дәрістер ағылшын тілінде ғана өтеді.

Жаңа оқу жылы университетте заманауи оқу- зертханалық корпусы ашылды. Оның құрылысына 8 млрд. теңге жұмсалған. Ғимаратта 70 зертхана бар. Студенттер оқу мен ғылымды озық құрал- жабдықтармен ұштастырады.

Ақмарал Ыбыраева, Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректорының кеңесшісі:

- Бұл өте маңызды іс деп ойлаймыз. Өйткені біздің алғашқы уақыттарда жастарымыз шетелге кетіп, шетелде оқып, сол жерден білім алып келіп жатса, біразы сол жақта қалып қойып жатты, бірақ осы бағдарламаның арқасында енді біз өзіміздің елімізде шетелдік білімді алуға мүмкіндік тудырып отырмыз.

Студенттер соңғы курста Американың Аризона университетіне барып білім алып келеді. Ал, оқу аяқталғанда осында қос бірдей диплом алып, халықаралық маман атанады.

Авторлары: Айдарбек Айтмқхамбетұлы, Төлеген Иманов

Сондай-ақ...