5G технологиясы мобильді интернет эволюциясындағы жаңа қадам – сарапшылар

Себебі цифрлық даму үшін бұл өте маңызды,- дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ сымсыз желінің мүмкіндігін дұрыс пайдалану керек. Бұл туралы IT-мамандардың кездесуінде қазақстандық және шетелдік телекоммуникация нарығының өкілдері айтып берді. Сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Игорь Акулинин, Huawei компаниясы президентінің кеңесшісі:

- Осы алаңда жаңа технологияның мүмкіндігін талқылау өте маңызды. Халықаралық тәжірибемен бөлісу керек. Шетелде 5G-ды қалай пайдаланады? Жұмысты неден бастады, барлығын үйреніп алу керек. Себебі жаңа технология жаңа мүмкіндіктер үшін керек.

5G-дің көптеген артықшылықтары бар мәселен сайттар тезірек жүктеледі, ал бейне қоңыраулар сапасы жақсарады. Бірақ, ең алдымен, технология "ақылды" қалалар мен бизнес - сервистердің дамуына әсер етеді.

Олжас Орманов, Huawei компаниясының аймақтық филиалының менеджері: 

- 5G дәуірінде жасыл энергетика жалпы электро энергетика саласы өте маңызды. Жалпы сіз білетіндей кез келген ақпаратты өңдеу кез келген цифрлық сымсыз байланыстың барлығы электр қуатын қамтамасыз етеді. Сондықтан хуавей компаниясы осы салада біраз жылдан бері жұмыс істеп келеді.

5G технологиясы бүгінде әлемнің 70 елінде қолданылады. Қазақстанда оны жыл соңына дейін, әзірге тек республикалық маңызы бар қалаларда ғана іске қосу жоспарланып отыр.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы Артур Горшняков Ақылбек Есімсейітов

 

Сондай-ақ...