Бастауыш сынып оқушыларын планшетпен қамту қажет – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі осындай бастама көтерді. Оған ата-аналардың шағымы әсер еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар балалардың сөмкесі тым ауыр екенін айтып жүр. Асхат Аймағамбетов «Бетпе-бет» хабарына берген сұхбатында министрлік сайтында барлық оқулықтың электронды нұсқасы жүктелгенін айтты. Ал оқушы қалағанын планшетке жүктеп оқыса болады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Барлық балада планшет алатын жағдай жоқ. Оны білеміз. Сондықтан қазір біздің көтеріп отырған тағы бір мәселе міндетті түрде бастауыш сыныпта оқитын балаларға планшетпен қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізу.