Мүгедек балаларды оқытатын мұғалім жетіспейді

Елімізде мүгедектігі бар балаларды оқытушылар жетіспейді.

Осы салаға ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиесімен айналысып отырған аналарды тартуға болады. Бұл туралы Шымкентте өткен «Ерекше балалары бар ата-аналар» бірлестігінің аймақ жетекшілері жиналған отырыста  айтылды. Нәтижесінде жұмыспен қамту жағы да шешімін табады, -дейді одақ өкілдері. Сондай-ақ еңбекке ынтасы зор ата-аналарды кәсіпке бейімдеп, жаңа мамандықты меңгеруіне жағдай жасау керек. Білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптарды көбейтіп, мүгедек жандардың қоғамдағы рөлін арттыру да маңызды. Республикалық қоғамдық бірлестіктің ұсыныс - тілектері жергілікті әкімдікке қарасты басқармаға жолданады. Бұл жұмыстар екі жақты келісім аясында қаралады. Бастамаға денсаулық сақтау, білім беру, дәрігерлік – еңбек сараптау комиссиясы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары қолдау білдіріп отыр. 

Рауана Сағадиева, республикалық "Ерекше балалары бар ата-аналар" одағының жетекшісі:

- Жергілікті әкімшілікпен осы мәселелерді көтеріп оның ішінде әрине инклюзивті кластар, бассейн, оңалту, реабилитация, үйде оқитын балаларға қосымша тағы үйірмелер ашылса екен деген сияқты. Бізде барлық нәрсеге инклюзивті тең подход болуы керек.