Мүгедек жандарға арналған жоғарғы білім беру тұжырымдамасының жобасы таныстырылды

Астанада мүгедектігі бар адамдарға арналған жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.

Жобаға сәйкес, ерекше санаттағы жандар арнайы мамандардың қызметіне жүгініп қана қоймай, жан-жақты білім алуына толыққанды мүмкіндік жасалады. Қазіргі таңда 72 университетте шамамен мың жарым мүмкіндігі шектеулі азамат білім алып жүр. Биыл оларға 500-ге жуық арнайы квота берілген. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың күтімімен айналысатын отбасы мүшелеріне 1 мың 187 грант бөлінген. 

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Біздің мақсатымыз біздің саламызда тек қана инфроқұрылым саласында ғана емес, толыққанды педагогикалық кадрларды оқыту, лабораториямызды, оқу әдістемелік метариалдарымызды, аранайы орталықтарды жаратып кез-келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толыққанды жағдай жасау.