Елордалық оқушылар екі күн қашықтан оқиды

13-14 қазан күндері астаналық мектеп оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бас қалада халықаралық ірі іс-шаралардың өтуімен байланысты. Елімізге бірқатар мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары келеді деп жоспарланып отыр. Соған байланысты бұл күндері қаладағы бірнеше жол учаскесінде қозғалыс шектеледі.