Назарбаев Университетіне бюджеттен бөлінетін қаржы қысқартылады

Биылдан бастап Назарбаев Университетіне бюджеттен бөлінетін қаржы қысқартылады.

Себебі елдегі барлық жоғары оқу орындарына қаражат теңдей қарастырылуы керек. Әсіресе өңірлік университеттер ерекше назар аударуды қажет етеді. Ғылым және жоғары білім минстрі Саясат Нұрбек өңірлердегі жоғары оқу орындарының жабдықталу деңгейі төмен екенін айтты.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Назарбаев Университетінің өзінің эндаумент қорлары бар. Өте үлкен, мықты эндаумент қорлары. Ақырындап өзін өзі қаржыландыру принциптеріне көшуі керек осындай үлкен университеттер. Енді біздің бағытымызды өңірлік университеттерге салатын боламыз. Қостанай, Қарағанды мықты унив бар бірақ дамуына толыққанды ақша бөлінбеген.