Ақтөбе мектептеріне 10 автобус табысталды

Бұл облыс орталығындағы 8 білім ордасында балалар тасымалы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Әсіресе саяжайларда тұратын бүлдіршіндер үшін өзекті болатын. Шаһардағы 87 білім беру ұйымының 29-да балаларды мектепке жеткізу ұйымдастырылған. 7 мыңнан астам оқушының көбі жалға алынған көліктермен тасымалданады. Алдағы уақытта облыстың барлық мектебіне оқушылар автобусын сатып алу жоспарланып отыр.

Меткүл Қосымбаева, қалалық білім бөлімінің жетекшісі:

- Жылдың аяғына дейін біз жоспарлы түрде тағы 15 мектепті мына жалдамалы қызметтен алып тастаймыз деген жоспарымыз бар. Жаңадан келіп жатқан автобустар сол мектептің өзінің балансында болады. Және тек балаларды тасымалдайтын болады.