Қазақты «қырғыз» деген атаудан құтқарған Сәкен Сейфуллин

Қазақ жастары өткен ғасырдың басында шетелдегі белді оқу орындарында оқып, жоғары шәкіртақы алып отырған. Бұған ұлт қайраткері, ақын, жазушы Сейфолланың Сәкені мұрындық болды дейді ғалымдар. Сол кезде шекара асып, білім қуған азаматтардың еңбектері әлі күнге дейін ұлтқа қызмет етіп келеді.

Адамзаттың сұлуы атанған Сәкен жайлы деректер бұл ғана емес. Оның ұлттық кино, фольклорға қосқан үлесі мен Ататүрікпен байланысы да былайғы жұртқа беймәлім дүниелер. Сол "тар жол, тайғақ кешіп" ұлты үшін жанын пида еткен тұлғаның бүгін туған күні.

Бір деректе мыңнан аса, енді бірінде 2 мыңдай қазақ жасы шетелге аттанып, алды Түркия, тағы біразы Санкт-петербор мен Ташкенттің үздік оқу орындарында білім алды. Солардың арасынан Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сабит Мұқанов секілді талай ұлт қайраткерлері шықты.Бұл істің басында сол кезде Совнаркомның төрағасы болған Сәкен Сейфуллин тұрған еді.

 Ерден Қажыбек, Халықаралық түркітану орталығының төрағасы:

- Алтынмен, золотомен кәдімгідей стипендия бөлінген. Шетелге жастарды жіберген. Әлкей Марғұлан мен Қаныш Сәтпаевтар Санкт-Петерборда оқыған. Қаныш Томскде оқыған. Тағыда көптеген ғалымдар бар. Революцияға дейін халық сауатсыз болған деген мәселелр қағидат сияқты болып ақлған. Бұл мүлде олай емес. Халыұқ толық сауатты болған.

Серік Оспанов, сәкентанушы:

- Сәбит Мұқановты Солтүстік Қазақстаннан тауып, оқуға апарады. Апарған кезде Сәбит жетім бала үстінде киерге киімі жоқ, апасынан барып киім сұрағанда апасы үстіндегі бүтін бір көйлегін береді. 12 жасар Сәбит сол көйлекпен Омбыға оқуға барады. Міне сол уақыттан бастап үстіне арнайы киім кигізіп, училишилерде киіндіру. Барған жастардың көбісі Орынбордың орталығындағы 9 бөлмелі Сәкеннің үйінде оқиды.

Шетелге жастарды оқуға жіберуге қаражат мемлекет қазынасынан алынған. Сәкен Сейффуллин қазақ үкіметінің басында болғанда елге бөлінген аз қаржының басым бөлігін ғылым-білімге бөлгенді құптайды. Бұл шешімді өзі "Сырттағы қазақ жастары  оқу бітіріп келген соң біздің көсегеміз көгеріп, өркениетті мемлекеттердің қатаына қосыламыз" деген. Иә, қазақ үшін айтысып, тартысып талай тәуекелге барған тұлғаның бастамасы, ұлттық мұраны сақтап қалуға көп қызмет етті. Бұдан бөлек Сәкен Ататүрікке хат жазған дейді ғалымдар.

Ерден Қажыбек, Халықаралық түркітану орталығының төрағасы:

- Кезінде бүкіл Антанта дейді, Еуропа, Америка бірігіп, түріктерге шүйліккен ғой. Ең шешуші соғыс 22 жылы болды ғой Түркияда. Сол соғысқа бүкіл орта азиядағы қазақ, қырғыз, татар, өзбек бауырлар, бүкіл халық алтынды жинап, әр үйден сақиналар жүзіктер тапсырып, мол қаржыны Ататүрікке беріп жіберген. 1917 жылы бізде Алаш мемлекеті құрылды ғой. Одан кейін 22 жылы жоқ қылды, қарудың күшімен. Сол 22 жылы Түркия деген мемлекет туын көтерді. 1922 жылы Алаш республикасы жойылады. Алаш республикасының жалауын дәл сол жалау, қызыл. Қазіргі Түркияның жалауы сол біздің Алаш республикасының жалауы сол біздің, соны Ататүрік көтереді. 

Қазақтың алғашқы фильмі, Амангелді батыр жайлы туынды да Сәкен Сейфуллин үкімет басында болған уақытта түсірілген. Одан бөлек әдебиетке үлкен көңіл бөліп, фальклорға көп қаржы құйғаны жайлы деректер айтылады. Нәтижесінде ұлттық музыка мен билерден қалған сөздер әлі күнге дейін сақтаулы. Кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған мезіглді қазақты "қырғыз" деген атаудан құтқарып, кеңселерде іс қағаздары тек қазақ тілінде жүргізілсін деп алғашқы бастама көтерген де Сейфоллланың Сәкені болатын. 

Бекзат Аманов, Марат Диханбаев