Елімізде 15 жетекші оқу орнына ғылымды дамытуға қаржы бөлінеді

Келер жылы елдегі 15 жетекші жоғары оқу орнына  ғылымды дамыту үшін қосымша қаржы бөлінеді.

Ол ақша әр облыстың ерекшелігіне қарай заманауи зертханалар құруға жұмсалады. Қарағандыға барған сапарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Министр жастардың ғылымға деген қызығушылығы төмен екендін айтады. Жоғары оқу орындары түлектерінің тек 1 пайызы ғана PhD докторы атанып жатады. Осы олқылықтың орынын толтыру үшін докторантура бойынша арнайы бағдарлама қабылдау көзделіп отыр. Соның негізінде үш жыл бойы тек ғылыммен айналысатын жас зерттеушілерге айына 500 мың тенге еңбекақы төленетін болады. Оның сыртында шетелде бір жыл тағылымнан өтуге грант бөлінеді.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

- Енді  әр ай сайын бүкіл өңірлік университеттерді аралап, олардың мүмкіндіктерін көтеріп, оларға арнайы бағдарламалар пысықтап, өңірлік университеттердің әлеуетін көтеретін боламыз. /скл/ Негізгі басымдылық енді осы жылдан бастап, өңірлік университеттерге берілетін болады.