loader


Орталық Азия мен Қазақстанда әйелдерге арналған білім беру бағдарламасы басталмақ

Атырауда «Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы» EMBA білім беру бағдарламасы ашылды. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткен салтанатты іс-шараға Оңтүстік Африкадағы G-GLOBAL өкілдігінің басшысы, Тембекиле Мандела қорының бас директоры Ндилека Мандела қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Энергетика саласындағы әйел көшбасшылығы» EMBA бағдарламасы елдегі гендерлік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге үлес қоса отырып, Орталық Азия мен Қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. Бағдарлама Қазақстанның энергетика саласындағы маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге дайын табысты әйелдердің кәсіби қоғамдастығын қалыптастыруды көздейді.

Ндилека Мандела, Т.Мандела қорының бас директоры

Қазір әлем бойынша әр түрлі салада әйелдердің рөлі жоғары. Қазақстанда, оның ішінде Атырау облысында да ілгерілеуді байқадым. Көптеген жоғары лауазымда әйелдердің бар екенін көріп қуанып отырмын. Африкамен салыстырғанда мұнда жастар мен әйелдердің дамуына мүмкіндіктер жасалған. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...