Мерзімді әскери қызметін өтегендерге жоғары білім алуға жеңілдік беріледі

Әскерде болған азамат екі жыл ішінде ҰБТ нәтижесінсіз ақылы негізде оқуға түсе алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматыда Қорғаныс министрлігі еліміздің 50-ге тарта оқу ордасымен келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта еліміздегі 120 жоғары орнының 36-ында әскери кафедра бар. Ол жерде 15 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Болашақта жаңа әскери технологияға негізделген жаңа мамандықтар ашылмақ. Мұның барлығы жастардың мерзімді әскери қызметін өтеуге деген ынтасын арттыру үшін жасалып отыр. Бұл жеңілдікті осы күзде әскер қатарына шақырылғандар  Отан алдындағы борышын атқарып болған соң пайдалана бастайды.  Жыл сайын республика бойынша 35 мыңға жуық бозбала Қарулы Күштер қатарына шақырылады.

Руслан Жақсылықов , ҚР Қорғаныс министрі:

- Арнайы бағдарлама жасалды. Балдық жүйе болады. Әрбір сарбазға әскерге қабылданған күннен бастап балл қойылады. Онда бәрі есепке алынады. Баса айтқым келеді. Оны ешкім өзгерте алмайды. Бәрі Қорғаныс министрлігінің серверінде болады. Іріктеу қатаң түрде жүргізіледі.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Біріншіден, солдаттар бітірген конкурссыз өздерінің есебінен оқуға мүмкіндік береміз. Екіншден, ішкі грант деген мәселе бар. Яғни осы бастамаға қосылған бірнеше мықты жоғары оқу орындарымыз ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары өздерінің есебінен ең мықты деген сарбаздарымызға  ішкі грант деген мүмкіндікті беруге дайын.ҰБТ ны ескермейді конкруссыз.