Еуразия ұлттық университетінде сыртқы саясат тақырыбы талқыланды

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: көп жақты ынтымақтастық және ізгі ниет» тақырыбы талқыланды.

Онда спикерлер сыртқы саясаттың мызғымас баСымдықтары Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуы мен егемендігі. Сондай-ақ, ұлттық мүддені әлемдік аренада іл-герілету және көпжақты ынтымақтастық болып табылатынын алға тартты. Айта кетейік, «ПАССИО-НАРЭ» ғылыми-сараптамалық клубын әлемдегі және еліміздегі заманауи процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу мен түсіндіруге, өз үлесін қосуға ұмтылған ғалымдар мен жас зерттеушілерді, сарап-шыларды біріктіреді.

Әмір Башбаев, ҚР СІМ жанындағы сыртқы саяси ЗИ талдау және болжау тобының жетекшісі:

- Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Қазақстанның сыртқы саясаты мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға, қуатты, бейбітсүйгіш, әлеуметтік тұрғыда әділетті және "халық үніне құлақ асатын мемлекет" ретінде қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.