21 қарашадан ҰБТ-ға дайындайтын тегін сабақтар басталады

21 қараша күні ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар басталады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім болды.

Ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесе әзірленген онлайн сабақтар олардың YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез келген уақытта көре алауы үшін сақталады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп үшінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 500 сағатқа жуық онлайн сабақ өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлерінің мектеп түлектері қатысты. Олар ҰБТ пәндері бойынша дайындықтан өтті. Биыл 8 орталық сабақ береді. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді, – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Осылайша, Ұлттық тестілеу орталығы мен ірі білім беру орталықтары түлектерге емтиханға сәтті дайындалуға көмектеседі. Талапкерлерге арналған онлайн сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қосты. Байқау сынағын өткізу технологиясы негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни қазірдің өзінде талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді.

Бұған қоса болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алады.