Қаза тапқан өрт сөндірушілер, әскерилер мен полицейлердің балаларына жеңілдіктер жасалады

Енді бұдан былай қызмет бабында жүріп қаза тапқан өрт сөндірушілер, әскерилер мен  полицейлердің бала-шағасына мемлекеттік жеңілдіктер жасалады.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, жеңілдіктер жөніндегі мәселе тікелей мемлекет басшысының бақылауында. Қазірдің өзінде балабақшаларға кезексіз қабылдау, жоғарғы оқу орындарында білім алуға гранттар беру мәселесі шешілген. Енді колледждер мен дарынды балаларға арналған мектептерге грант бөлу жайы қарастырылып жатыр.