«IQ-ORDA» республикалық байқауы өткізілді

Ізденімпаз, коммуникативті және тапқыр тұлғаларды даралайтын жобаға Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен жергілікті жастар қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайдың тасындай іріктелген дарабоздар жиналған доданы ашып берген облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов білек сайыстыратын заман өтіп, білім-білік салыстыратын дәуір келгенін атап өтті. 5 кезеңдік жарыста гаджет, ғаламторға қосылған құрылығылар пайдалануға рұқсат етілмейді. Басты талап топтардың біркелкі киінуі.    

Талғат Тілес, жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Басқа шектеу ешқандай жоқ. Тек сайыс барысындағы ережелерді сақтауға міндетті. Бұл сайыстың негізгі мақсаты жастар арасында білімді, ғылымға құштар жастарды қолдау болып табылады. Заманауи трендке сәйкес интеллектуалды ойындар үнемі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Республикалық білім бәйгесінде 2 рет жеңімпаз атанған алматылық Әл-Фараби командасы Сыр еліндегі аламанда да көш басынан көрінеміз деген үмітпен келіп отыр. Біз үшін басты олжа – сыйлық, дәреже емес, негізгі мақсат - білім шыңдау дейді,- жастар.  

Айбек Шегебай, Әл-Фараби тобының мүшесі /Алматы/:

- Бүкіләлемдік білім жүйесінде критикалық ойлау деген бар. Соны дамытуға дәл осындай жарыстар ісер етеді. Өйткені бұл жерде дерекпен емес адамның логикасын дамыта отырып, яғни сұрақта жасырын дүние тұрады. Соны табуға керемет әсері бар жарыс негізі бұл. Негізі адамның IQ таза информатикалық білімі емес ойлай білу қасиетін де тексереді. Дәл осыған ерекше әсері бар. 

IQ-Ақыл таластырған жарыста Қазалы ауданының командасы жеңіске жетіп, жарты миллион теңге олжалады. Жалағаш ауданы мен Алматыдан келген сайыскерлер 2-3 орындарды өзара бөлісіп, 300-200 мың теңгелік жүлдені иеленді. Одан бөлек 6 аталым бойынша 50 мың теңгеден үлестірілді. 

Авторлары: Қамбар Бекенов, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Бәйділдаев

 

Сондай-ақ...