Әлемдегі 100 үздік оқытушы мен ғалым Қазақстанға шақыртылады

Әлемдегі 100 үздік оқытушы мен ғалым Қазақстанға шақыртылмақ.

Бұл да жаңарған көші-қон саясатының тұжырымдамасы аясында іске асырылатын жоспар. Ауқымды құжаттың бір тарауы білім беру иммиграциясына арналады. Сонымен бірге, Қазақстан экономикасына пайдасы тиер жоғары білікті мамандар, инвестиция, озық технологияларды тарту мақсатында визалардың жаңа түрлері енгізіледі. Сондай-ақ қазір сұранысқа ие мамандықтардың рейтингісі әзірленіп жатыр.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Біз басымдыққа ие 9 саланың мамандықтар Атласын әзірледік. Оның денін IT мамандары, әр түрлі бағыттағы инженерлер, сонымен бірге медицина саласындағы, нақтырақ айтқанда анастезиолог, нейрохирургтер құрап отыр. Атластың бірінші нұсқасын барлық органға таратып бердік. Келесі жылы қай мамандыққа сұраныс көп екенін анықтаймыз. Бұл рейтинг үнемі заман қажеттілігіне сай жаңарып отырады.