Атырауда жас түлектердің қысқы бал кеші өтті

Атырауда жас түлектердің «Жайық толқындары-2022»  атты фьюжн форматындағы қысқы бал кеші өтті.

Фьюжн форматы түрлі музыкалық бағытты тоғыстырады: классикалық вальстен бастап, заманауи билерге дейін қамтылған. Оған мұнайлы өңірдегі 24 орта кәсіптік техникалық колледжі мен 200-ге тарта мектептен 50 жұп қатысты. Шараның мақсаты - биыл қорытындылғанғалы отырған «Балалар жылы» аясында облыстың белсенді жастарын өзара таныстыру, олардың достық ынтымақтастығын арттыру, өнерлі жастарды іріктеу. Балды би кеші 7 сазды композициядан құралған.  Музыкалық композиция вальстен басталады да, әрі қарай флэшмоб форматында басқа ырғаққа ауысады.  Би сайыста үздік жұптар түрлі аталым бойынша марапатталды. Айта кету керек, биыл Атырау облысында 5400-ден  астам түлек үлкен өмірге жолдама алса, 4500-дей колледж студенті жас маман атанады.

Қанат Әуесбай, шараны ұйымдастырушы:

- Бұл жолы 1 ай бойы балалар дайындалды. репитиция жасалды. Бүгін соның қортындысы ретінде билеуге келіп жатыр.