Астанада бірінші ауысымның 0-9 класс оқушылары сабақты онлайн оқиды

Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болады деген болжам бар. Ал таңертең тұман күтіледі. Бұдан басқа Қостанай мен Түркістан облыстарында қалың қар жауады.