Оңтүстіктегі мектептерде бұрын істі болған 90 мұғалім жұмыс істеген

Түркістан облысының мектептерінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалімдер сабақ берген.

Бұл туралы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылары мәлімдеді. Арыс қаласы мен Шардара, Сауран аудандарында жұмыс істейтін 90 мұғалімнің бұрын істі болғаны   анықталды. Бұдан бөлек құзырлы орган ұстаздардың дипломын да тексерген. Нәтижесінде 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай емес болып  шықты.  128 ұстаздың  құжаты жалған болуы мүмкін.  Шетелдерде оқып келген   мұғалімдердің дипломын тексеру кезінде де заңбұзушылықтар тіркелген. Ал облыстық прокуратураның дерегіне сай,  бір ғана Сауран ауданында 60 ұстаздың жалған дипломмен жұмыс істеп жүргені әшкере болды.

Дулат Әшірбеков, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Облыс прокуратурасымен тексеру барысында 5 колледжге қатысты жалған диплом анықталды. 5 мұғалімге қатысты. Ал жалпы 65 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген. Қазіргі таңда тергеп тексеру басталды. Онға жуық мұғалім жұмыстан шығарылды.