Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне 85 жыл толды

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне 85 жыл.

Осы уақыт аралығында Шымкентте орналасқан іргелі оқу ордасы мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарды. Қасиетті қара шаңыраққа айналған университет ұжымы атаулы мерейтойды ерекше сән-салтанатпен атап өтті. 

Ұйымшыл ұжым үшін бұл мерей тойдың маңызы ерек.  Ұстаздық ұлы қызметті арқалаған жандар ширек ғасырды салтанатты жағдайда атап өтті. Түлектер еліміздің әр-аймағынан арнайы құттықтай келді. Арасында елге еңбегі сіңген ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен профессор-ғалымдар да бар. 

Мұхтар Шаханов, Қазақстанның халық жазушысы:

- Бұл оқу орнында мен өзім оқығанмын. Сондықтан мен бұл оқу орнын ерекше қадірлеймін. Бұл тек қана шындық биігінен көрінетін, елдік-ұлттық мүдде биігінен, рухани – парасат, рухани – әділдік бигінен көрінетін ерекше оқу орны.

Ұстаздар шеберханасына айналған қара шаңырақтың тарихы сонау 1937 жылдан басталады. Бес жыл бұрын институтқа университет мәртебесі берілді. Жылдан-жылға материалдық – техникалық базасы жаңарып, кітап қоры толықты. 34 мамандық бойынша ұстаз дайындаудың жаңа білім беру бағдарламасы жасалды. 

Гүлжан Сүгірбаева, ОҚМПУ Басқарма төрағасы-ректор:

- 2019 жылы педагог мәртебесі туралы заң қабылданғалы бері педагог мамандықтары сұранысқа ие болып жатыр. Биыл біздің университетке 172 алтын белгі иегері түсті. 343 білім үздіктері қабылданды. ЖОО 2020 жылдан бері трансформация үстінде. Қазіргі таңда нағыз педагог дайындайтын, педагогикалық білімді әрі қарай дамытатын біздің мамандар.

Бүгінде жоғары оқу орнында төрт жүзден астам білікті маман еңбек етеді. Оның тең жартысы профессор-оқытушылар. Солардың бірі физика-математика ғылымдарының кандидаты Жүзбай Қырғызбаев. 

Жүзбай Қырғызбаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент:

- Мен университетпен жастымын. Істеп жатқаныма 64 жыл болады биыл. Содан бері мен мыңдаған шәкірттерді тәрбиеледім. 64 жылдан бері осы жерде жәй мұғалімнен профессорға дейін көтерілдім. Мен университетке келгенде бар болғаны бес қана кандидат наук болатын.

Осылайша ұстаз дайындаудағы жауапкершілік тәжірибелі мамандарға жүктелген. Нәтижесінде университет ел аумағындағы ЖОО арасында үздік ондықтан көрінді.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов