Аса мейірімді тәрбиеші бір балабақшада 35 жыл еңбек етіп келеді

Тәрбиеші, ұстаз және ғалым.

Балаларды ерекше жақсы көретін  Айгүл Жанаева 35 жыл бойы бір балабақшада талмай еңбек етіп, саналы ұрпақ тәрбилеп келеді. Ал оның шәкірттері көптеген өнер байқауында топ жарып жүр.  

Айгүл Молдабекқызы тобынадығы бүлдіршіндерді күнде қуана қарсы алады. Бұл мамандықты жаны қалап таңдаған ол Қаскелең педагогикалық оқу орнын 1987 аяқтап, Ұзынағаштағы балабақшаға жұмысқа орналасады. Содан бері қырық жылға таяу уақыт өтсе де тәрбие ісінен шаршаған емес. Өйткені, мамандығына жан тәнімен берілген. «Әр балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнеді» дейді білікті ұстаз.

 Айгүл Жанаева, "Аққайың" балабақшасының тәрбиешісі:

- Мен ата-аналарға айтатыным балалырыңызды әрқашан да жақсы көріңіздер. Құшақтаңыздар балаларыңзды көп. Басынан сипалап «балам мен сені жақсы көремін» деген сөздерді көп айтыңыздар балалырыңзға. Өйткені жылы сөз әр балаға жақын келеді. Жақсы сөз деп ойламын.Сондықтан қандай бала болса да бұзықтық істеп қойсын мейлі бірақ баланы құшақтап, бетінен сүіп балам мен сені жақсы көремін жақсы сөздер айтсаңыз жылы сөзбен әр баланы оны түсінеді деп ойлаймын.

Мағжан Жұмабаевтың  «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген сөзі бар. Бұл өнер Айгүл Жанаеваның бойына қонған десек артық айтқандық емес. Ол мыңдаған балаға саналы тәрбие берді.  Ең бастысы баланы жақсы көру керек дейді тәрбиеші. 

Айгүл Жанаева, "Аққайың" балабақшасының тәрбиешісі:

- Ең бастысы, махаббатпен, мейріммен қарасаң ол бала сезіне біледі , кішкентай бала ол психолог. Олар бізден де ақылды болады балалар. Олар сезініп отырады кім қандай адам алдынан шығап қарсы алғаннын. Біліп отырады балалар. Мен ойлаймын балабақшада мені ұстайтын,осы жұмыста ұстайтын мен балаларды жақсы көремін.Балаларға деген махаббатым.

Ұзынағаштағы «Аққайың» балабақшасы еліміздегі мектепке дейін білім беретін үлгілі мекеменің бірі. 380 балаллық бөбекжайда отызға жуық педагог жұмыс істейді. Олар тәрбиелеп жатқан бүлдіршіндер «Дара бала», «Пони» сынды түрлі республикалық  өнер байқауларында жүлделі орын  алып жүр. Талапты бала ата-ана мен ұстаз мақтанашы.

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев