178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді

Еліміздегі 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді.

Бұл туралы шетелде кадрлар даярлау жөннідегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Комиссия отырысы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен өтті. Енді стипендияға ие болғандар әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алып, тағылымдамадан өтеді. Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың дені шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді. Жиын соңында Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.