Ғалымдар ХVIII ғасырда өмір сүрген Алтай би Найманбайұлы туралы деректерді зерттей бастады

Би жайында мәліметтер өте аз. Десе де жүргізілген экспедиция барысында Алтай би Найманбайұлының қазіргі Жетісу облысының Сарқан ауданында жерленгені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал туған жері – Алматы облысындағы Түрген өңірі. Алтай би қазақ-қырғызға бірдей әділдігімен, туралығымен, шешендігімен аты шыққан. Бүгін Алматыда «Алтай би» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала экспедициясы негізіндегі деректер және ел бірлігін еселеген Алтай би Найманбайұлы» деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Түркия мен Қырғызстаннан меймандар, бабаның ұрпақтары, ғалымдар қатысып, тарихты зерттеу жайындағы ойларымен бөлісті.

Дүкен Мәсімханұлы, филология ғылымдарының докторы:

- Алтай бидің тарихтағы орнын айқындау, қазақтың елдігін сақтаудағы еңбегі Алтай би Жоңғар шапқыншылығынан кейін мына біздің іргелес жатқан қырғыз елімен арадағы басқа да ел ішіндегі дау-дамайдың бәрін әділдігімен қара қылды қақ жарып шешкен әділдігімен тарихта қалған. Өте әйгілі тұлға. Алтай бидің туған ағасы Әжібай батыр туралы да тарихта қалған деректер бар.