Үскірік аязға байланысты оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқуға көшті

Нақтырақ айтсақ, Қарағанды, Теміртау, Балхаш қалаларында және Абай мен Ақтоғай аудандарында бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және Қарағанды облысындағы колледждердің 1-2 курс студенттері онлайн сабақ оқиды.

Қызылорда, Ұлытау өңірлерінде бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары, Семей мектептерінің 1-9 сынып оқушылары да сабаққа қашықтан қатысады. Ал Шымкент мектептері 2 күн бойы онлайн оқуға ауысады. Ауа райына қатысты мұндай жағдай шаһарда бірінші рет болып тұр.