Елімізде соңғы қоңырау күні ауысты
Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Енді биылдан бастап мектептерде соңғы қоңырау маусымның 1-і күні соғылатын болады. Орта білім беру комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, елде оқу жылы 36 аптаға созылады. Биыл ол мамырдың 31-і күні аяқталады. Ал оқушылардың ресми демалыстары 1-ші маусымда, яғни, Халықаралық балаларды қорғау күні басталады. Бұл мейраммен қатар мектептерде соңғы қоңырау жиындары да өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтың атына сауал жолдап, мектептердегі соңғы қоңырауды мамырдың 31-інен басқа датаға ауыстыруды сұраған еді. Себебі бұл күн елімізде ашаршылық пен саяси репрессия құрбандарын еске алу болып жарияланған.