Павлодарлық ғалым инсультке ұшырағандардың өмірін сақтау жолын ойлап тапты

Павлодарлық өнертапқыш инсультке ұшыраған адамның өмірін сақтай алады.

Мүгедектіктен ада етуге де ниетті. Досжан Жүсіпов Cerebra атты жасанды интеллект ойлап тапты. 

Платформа ишемиялық және геморрагиялық инсульт түрін анықтайды. Алғашқысын анықтау дәлдігі 85, кейінгісі 95 пайызға жетеді. Қазірдің өзінде елдегі 50-ге жуық клиника осы жасанды интеллекті қолданып, оның пайдасын көріп отыр.

Отандасымыз ойлап тапқан жасанды интеллектінің ерекшелігі инсултты 4 минуттың ішінде анықтап, мидың жай-күйін жоғары дәлдікпен көрсетіп береді. Стартап жобаны павлодарлық Досжан Жүсіпов жасады. Ол 2018 жылы елдегі ең үздік кленницист және нейродиолог дәрігерлердің басын қосып, кеңеседі. Бір жылдан кейін осы технологияны ойлап тапты. Мамандардың айтуынша бұл науқастарға тексеру жүргізгенде уақытты үнемдеп, жанын сақтап қалуға мүмкіндік береді. 

Досжан Жүсіпов, өнертапқыш:

- Адамның денсаулығында ақау бар екені көзге көрініп тұрады. Алайда компютерлік томаграфия ауру себебін нақты көрсете алмайтын жағдайлар бар. Осы кезде біздің өнім көмектеседі. Бұл технология арқылы ауруды алғашқы сағаттарда анықтап, мида болып жатқан әрбір өзгерісті көруге аламыз. Соған сай дәрігерлер тез шешім қабылдап, ем жасайды. Жедел әрі дұрыс әрекет нәтижесінде науқастардың өлім жағдайы азайып, сал болып қалғандар немесе қимыл қозғалысы шектелгендер айтарлықтай кеміді.

Өнертапқыштың жобасын отандық нейрохирургтар теңдессіз технология деп санайды. Ол шағын жоба болғанымен тиімділігі орасан зор. Бізде жыл сайын 40 000 азамат инсультке ұшырайды. Өкінішке қарай, олардың басым көпшілігі  бір жыл ішінде ауруын жеңе алмай жан тапсырады. Мүгедек болып қалатындар да аз емес. Статистикаға қарасақ, инсулттан кейін жарымжан болып қалатындар саны әлемдік көрсеткіштен екі есе көп. Жоба авторлары осы шығынды қысқартуға ниетті. 

Мыңжылқы Бердіқожаев, нейрохирург:

- Cerebra - бүгінгі күннің сұранысы.  Егер осы технология болмаса Инсультпен күресу мүмкін емес деп санаймыз.  Жасанды интеллект  диагнозды дәл  қоюға мүмкіндік береді.  Дәрігерлерде қосымша білім алады. Алматы қаласының 7-қалалық ауруханасы мен Ақтөбедегі  жедел жәрдем дәрігерлерінің  инсультті емдеу көрсеткіші 50% - ға өсті. Ал оны анықтау бір жарым есеге артты.

Стартапқа  шетелде де сұраныс көп. Сауд Арабиясы, Өзбекстан мемлекеттері әртіптестік орнатуға ниет білдірген. Ал АҚШ-та өкілдік ашылмақ. Бүгінде әлем бойынша осыған ұқсас 6  жоба бар. Бірақ оларды қолдану құны өте жоғары. Досжанның жобасы әзірге елдегі кейбір медициналық орталықтарда тегін жұмыс істеп тұр. 

Александр Костюк, Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының жетекшісі:

- Технология жасалды. Енді оның  қаншалықты жұмыс істейтінін клиникалық тәжірибеде қолдану арқылы көре аламыз. Қазірдің өзінде бірталай мәлімет жинақталып, министрлікте сараптамадан өтіп жатыр. Егер тиімді болса, емдеу стандарттарына енгізіп, тексеру ақысын және төлем жүйесін жасайды. Мұндай рәсімдер халықаралық тәжірибеде бар.

Жасанды интеллект бас, ми жарақаттарын да көре алады.  Өнертапқыштар оның мүмкіндіктерін әлі де көбейтпек. Қазірдің өзінде қазақстандық стартап халықаралық байқаудың финалына шықты. Шешуші кезең наурызда Данияда өтеді деп жоспарланып отыр.  Егер жоба жеңіс тұғырынан көрінсе, медицинадағы ең үздік инновациялық жобаның авторы ретінде Досжан әлемге танылады.

Мурат Арипханов, Ырыстанбек Оспанов