Елімізде есту қабілеті нашар баланың тілін қазақша шығару әдісі ойлап табылды

Шығыс қазақстандық жас ғалым, логопед -дефектолог Рауан Байчинов кохлеарлы импланты бар балаларға арналған қазақша әдістеме ойлап тапты. 

Себебі елімізде есту қабілеті  дамымаған балалардың құлағына аппарат қойылғанымен,  оңалту процесі тек орыс тілінде жүргізіледі.  Рауанның басты мақсаты-  осы олқылықтың орнын толтырып, балалардың ана тілінде сөйлеуіне жағдай жасау.

Кохлеарлы имплант қарапайым тілмен айтқанда құлаққа қойылатын есту аппараты. Орыс тілін түсінбейтін  балаларға операция жасалған соң,   оларды оңалту орыс тілінде ғана  жүргізіліп жүр. Жас ғалым Рауан Байчиновты күрделі зерттеу жұмысына итермелеген дәл осы жайт.

Рауан Байчинов, логопед-дефектолог:

- Қазақ тілінде  ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға арналған қазақ тілді әдістемелер бағдараламалар әлі күнге толыққанды емес, болған өзінде ол мәселелерпді шеше алмайды. Кохлеарлы импланты бар балалар көбінесе  операциядан кейін оңалтуды орыс тілінде өтуге мәжбүр.Себебі бүгінгі күні маман тапшы, екіншіден бағлдарламалар өте тапшылығы болып табылады.

-ауан интоннация құрылымына терең мән береді.Тек содан кейін ғана қысқа сөйлемдер құру кезеңіне ауысады.Өйткені бала естіген дыбыстың не екенін ажырату керек дейді. Өте ұзақ әрі күрделі процесс. Дегенмен, тәжірибеден өткен 80 баланың ата-анасы дән риза. Бес жастағы Айша да анасын қуантып жүр.

 - Алмааа 

- Алма 

Қызын қарату үшін анасы Айшаны талай жерге апарыпты. Ақыры іздеген маманның өз қаласынан табылғанына қуанышты. 

Рысалды Қаленова, қала тұрғыны:

- Қазір біздің баламыз жақсы сөйлейді уже бізді кәдімгі  мектепке дайындап жатыр.

Жалпы кохлеарлы имплант қойлған балаларды былай қойғанда тіл мүкістігі бар бүлдіршіндер саны  күрт артып кеткен. Бұған осы бағыттағы балабақшаға түзілген кезектің үзілмеуі айғақ.Мәселен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған  мына мемлекеттік мекемеде 168 бала тәрбиеленіп жатыр. Электронды портал ашылса болды, мұндағы топ лезде толады.

Гүлден Ибраева, "Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №62 балабақша" КММ директоры:

- Ашылғанда  бірден толып кетеді, көп созылмайды өйткені кезекте тұрған ПМКМ қорытындысын алған ата ана көп. Әуелі бір ай емес,екі ай емес, жылдап тосады.

Ал мамандарға келетін болсақ,жергілікті салалық университетінің қабырғасында 300 студент дефектолог-мамандығы бойынша білім алуда. Рауан Байчинов ұсынған ғылыми методика болашақта осындай жастардың біліктілігін тереңдетуге түрткі болуы мүмкін. Қазірдің өзінде жас ғалымның жобасына бірнеше қоғамдық ұйымдар мен инклюзивті білім беру орталықтары қызығушылық танытып отыр.

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин