Павлодардағы медиафорумға жиырмадан астам ЖОО қатысып жатыр

Павлодар облысында студенттерге арналған алғашқы республикалық медиафорум өтіп жатыр.

Шараға еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Олар қоғаммен байланыс, баспасөз қызметі, коммуникация, шеберлік өнер және өзге де тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты. Жастар журналистер, мен шешендік өнер шеберлерімен кездесіп, тәлім алу мүмкіндігіне ие болды. Айта кетейік, ауқымды шараны ұйымдастыруға жергілікті университеттердің бірі, мұрындық болған.

Басты мақсат – студенттерге қосымша білім алуға, бүгінгі күннің өзекті медиа бағыттары бойынша дамуға, қолғабыс жасау. Форум жұмысы екі күнге созылады. 

Қуат Әшімханов, техникалық университет студенті:

– Жалпы мақсат бұл форумға келуімнің, басқа университеттердің медиаорталықтары қалай жұмыс істейді, студенттер осы бағытта қалай дамып жатыр, сол бізге қызық болды. Пиар және сату мен үшін қызықты, студенттерге қызық деп ойлаймын. 

Руфина Торпишева, форум ұйымдастырушысы:

– Медиа саласында ойын-сауық мазмұндағы контенттен бөлек сауаттылық, этика, фактечинг бағыттары да өте өзекті. Бұл тақырыптар форум барысында көтеріледі. Шараға медиа саласында жетістіктерге жеткен студенттер шақырылды. Әлеуметтік желілерді дамыту, жеке бренд қалыптастыру бағыттарын да қамтыдық.