Қазақстандық оқушылар Жапонияда 6 медаль иеленді
Жапонияның Тиба қаласында өткен 64-ші халықаралық математикалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 6 бірдей медаль иеленді.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Додаға әлемнің 112 елінен барлығы 618 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте 21-ші орынға тұрақтады. Жалпы біздің оқушылар бұған дейін 16 алтын, 44 күміс, 75 қола медаль және 28 мақтау қағазын алған. Дүниежүзілік білім сайыстарында жүлделі орыннан көрінгендер отандық жоғары оқу орындарына конкурссыз түседі. Ал жеңімпаздар мен олардың ұстаздарына бір реттік ақшалай сыйлық бар.