1 қыркүйектен бастап шәкіртақы өседі
1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Оған сәйкес, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардікі 15%-ға, техникалық және кәсіптік білім алатындардың шәкіртақысы 50%-ға арттырылды. Бұдан былай докторанттарға, оның ішінде денсаулық сақтау саласына ден қойғандарға – 217 500 теңге; осы бағыт бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 500 теңге; магистранттарға – 97 мың теңге, интерндерге 76 мың теңгеге жуық шәкіртақы төленеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 32 681 теңге мөлшерінде төленеді. Қаулы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өседі.