Павлодар облысының білім беру саласында 8 рет бюджет қаржысы жымқырылды
Биыл Павлодар облысының білім беру саласында бюджет қаржысын жымқырудың 8 дерегі тіркелді.
Мемлекетке келтірілген шығын 95 миллион теңгеге жетіп, 3 мектеп есепшісі сотталды. Соған қарамастан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали көрсеткіш өзге өңірлерге қарағанда төмен екенін атап өтті. Бұған облыста жүзеге асып жатқан «Цифрлық есепке алу» жобасы ықпалын тигізген. Енді осы жоба желтоқсан айына дейін аймақтың барлық білім беру ұйымында пилоттық режимде іске қосылады. Мұндай "цифрлық" шешім жемқорлық әрекеттердің алдын алуға сеп болады, дейді сала өкілдері.
Саян Ахметжанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы:
- Осы Павлодар өңірінде жаңағы білім саласында пилоттық жоба ретінде жаңағы цифрлық жүйе енгізілген 2020 жылдан бастап. Соны біз анықтағанда осы енгізілген жүйеге, пайдалылығы осы саладағы жаңағы интеграция жұмыстары осы өңірде жаңағы қылмыстық жағдайларға мүмкіндік бермеген. Бірақ біз тек қана жоба ретінде бастадық. Осы жобаны пайдаланып бұны республика деңгейіне бүкіл білім саласына, ертең осының пайдасы дұрыс болса әрі қарай денсаулық сақтау саласына, бюджеттің қаражаттан қаржыландырылатын барлық мекемелерге осы жүйені жалғастырады
Самал Айтқазина, білім беру басқармасының басшысы:
- Енді бұл басқа бағдарламалардан өзгешелігі не? Несімен бұл бүгінгі күні тиімді болып жатады дейтін болсақ бір көзден, бір орталықтандырылған жүйеде кез келген білім басқармасы, білім бөлімдері жаңағы әрбір мектеп толыққанды мектеп басшысы да, кез келген бухгалтер да отырып алып толыққанды жаңағы барлық жүйені көре алады. Мысалы, әрбір мұғалімге қанша еңбекақы беріліп жатыр, олардың қосылатын үстемақылары дұрыс бөлініп жатыр ма? Жалақылары одан кейін жазғы уақыт демалысқа кететін ақылары барлығы бір жерде есептеледі.