Өскемендегі университет ChatGPT көмегімен сабақ кестесін жасап жүр

Шығыс Қазақстан облысында оқыту үрдісіне жасанды интеллект енгізілуі мүмкін.

Қазір аймақтағы жоғары оқу орындарында Chat GPT (чат джипити) бағдарламасының көмегімен сабақ кестелері жасалып, университеттік менеджмент реттеліп жатыр. Сонымен бірге арнайы оқу базасы әзірлену үстінде. Айта кетейік, соңғы төрт жылда елімізде 40-тан астам ІТ мектеп ашылды. Ал өскемендік мамандар жасанды интеллекттің көмегімен жыл сайын 100-ге жуық жобаны жүзеге асырып келеді. 

Виктор Камин, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ШҚО филиалының төрағасы:

- Мектептердің барлығы компьютермен жабдықталған. Бұл жасанды интеллектті енгізуге жеткілікті. Десе де, ұстаздар қауымы дайын емес. Сондықтан кадрларды даярлап алуымыз керек. Кейін оқу үрдісіне өзгертулер енгізіледі.