Алматыда «Қазақ өркениетінің негізі» атты зерттеу жарыққа шықты
Кітап авторы – Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Еренғайып Омаров.
Басылым автордың 75 жас мерейтойына арналған халықаралық конференцияда таныстырылды. Кітапта қазақ ұлтының пайда болу тарихы баяндалады. Ғалымның пікірінше, қазақта көшпенділікке дейін өзендік өркениет болған. Одан кейін эволюциялық жолмен қалалық, әскери, егіншілік өркениеттері де жақсы дамыған. Автор өзінің «Қазақ өркениетінің негізі» еңбегінде осы ұстанымын салмақты фактілермен дәлелдеуге тырысқан.
Еренғайып Омаров, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті:
- Өркениет болу үшін негізгі тіреу – ол мемлекеттігі, тұрақты жері. Тұрақты мәдениеті болу керек. Одан кейін барып қала, одан кейін өндіріс, архитектурасы, жазу-сызуы. Бұл әр халықтың өзінің беті деуге болады, әр халықтың өмір бойы жинаған тәжірибесі.