Қарапайым мұғалімдер де мектеп директоры бола алады
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 208 қарапайым мұғалім, енді ешбір конкурстық рәсімдерсіз мектеп басшылығына тағайындалады.
Негізгі нәтижелерді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың өзі қадағалайды. Себебі олар бірнеше кезеңнен тұратын «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасын сәтті аяқтағандар. Үздіктер 8 мың маманның арасынан топ жарып, ұзақ мерзімді жоба аясында, заманауи тенденциямен білім алған. Жауаптылардың айтуынша, мұндай тәжірибе Нидерланд, Ұлыбритания, Германия, АҚШ-та бар. Сондықтан білім саласындағы әлемдік сарапшылармен кеңесіп, елімізде осындай ұзақ мерзімді жоба ашқан. Шілдеден басталған іріктеудің нәтижесі бүгін елордада қорытындыланды.
Анар Кенжебаева, мұғалім:
- Бұл оқуға аяқ асты мектепке сұраныс келді. Оқу орынбасарлары бақтарын сынап көруге болады деп. Сондықтан бірінші тестілеуден өттім. Жақсы нәтижемен. Содан кейін 3 кезеңде оқу болды. Әрқайсысында тест болда. Соңында сұбат болды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Бұл негізгі біздің жаңа басшылар формациясы. Өйткені бүгінгі күні білім саласында қойылып отырған, жаңа мақсат- міндеттер тұр. Соларды орындауда бүгінгі әлемдік өзгерістерден хабардар, және сол дағдыларды бойына сіңірген үздік басшылардың бағлығын, 5 мыңнан аса үміткерлердің ішінен 208 үміткер дайындалып шықты.