Жас ғалымдар кеңесі құрылды

Жас ғалымдар кеңесі құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жазды.

Бұл біздің отандық ғылымды һәм жас ғалымдарды қолдаудың ең тиімді жолы екені ақиқат. Үмітін үкілеп, елге, ғылымға үлес қосамын деген жас ғалымдар үшін бұл әрине үлкен мүмкіндік болғаны жасырын емес, – деді министр.

Президент тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан осындай бірегей жұмыстар отандық ғылымның қарқынды дамып, осы арқылы іргелі және қолданбалы зерттеулердің аясы кеңейеді.

Қазіргі таңда елімізде 22 мыңнан аса ғалым бар. Ғылыми дәрежесі бар ғалымдардың орташа жасы – 57 жас болса, олардың 15 проценті зейнет жасына жеткендер. 

Сондай-ақ Ғылыми басқару саласы бойынша жас ғалымдардың құқықтарын қорғау үшін алғаш рет ресми түрде омбудсмен лауазымы енгізілді, жас ғалымдардың мәртебесін одан әрі ілгерілету және нығайту миссиясы жүктелген жас ғалымдар кеңесі президиумының мүшесі болып профессор Мүслім Хасенов сайланды.

Сонымен қатар кеңес – жетекші жас ғалым сарапшы ретінде тәуелсіз аналитикалық ұсыныстар бере алады. Оған қоса Академияның сараптамалық-талдау қызметіне қатысады, ғылымды кеңінен насихаттау жұмыстарына белсенді араласу, болжамды зерттеулер жүргізу және Ұлттық баяндамаларды дайындауға қатысу мәртебелеріне ие болғаны отандық ғылым үшін үлкен жетістік екені жасырын емес. Өзімнің және министрлік атынан осындай іргелі бастамаға құтты болсын айтып, Ғылым академиясы мен Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына сәттіліктер тілеймін! Елдік мүдде жолындағы қадамдарыңыз оң болсын! – деді Саясат Нұрбек.