Ғалым-әйелдерге Н. Базанова атындағы марапат тағайындалды
Алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды 24KZ.
Ол Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атымен аталады. Бұл жайлы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен мерекелік іс-шарада Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев айтты. Ол ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екенін және еліміздегі ғалымдардың 60%-ын әйелдер құрайтынын сөз етті.