Медиатренерлерге арналған грант шықты

Журналистер мен блогерлерді оқытатын медиатренерлерге арналған грант шықты.

Бұл туралы «Медиа дамыту коры» корпоративтік қоры хабарлады. 16 мамырда өтінім қабылдау басталған. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Өтінімді 30 маусымға дейін тапсыруға болады. 

Грантқа қатысушының өтінім бюджеті 5 млн теңгеден аспауы тиіс. Оған медиа салада тәжірибесі бар мамандар қатысады. Грант иегері атанса, оқыту курстары мен тренингтер өткізуге мүмкіндік алады. “Медиа дамыту қоры” корпоративтік қорының бас директоры Әділет Әлімхановтың айтуынша, жоба ең алдымен отандық журналистканы дамытуды көздейді. 

Әділет Әлімханов, "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының бас директоры:

- Мақсатымыз отандық бұқаралық ақпарат құралының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіби журналистиканы дамыту. Әсіресе өңірлік журналистикаға басымдық берілсе дейміз. Грант алу шарты қарапайым. Өз еліміздің азаматы болуы керек. Медиа салада кемінде 5 жыл еңбек өтілі және арнайы білімі болуы шарт. Өтінішті веб-сайт арқылы беруге болады. 

Қатысушы өтінім толтырған кезде Қазақстанның бірнеше облысын таңдайды.  Бірақ грант алған жағдайда медиа маман курсты тек бір өңірде өткізеді. Тыңдаушылар тізімін қордың келісімімен жасайды. «Мұндай тренингтер бүгінде өте қажет. Себебі жалған ақпараттар көбейді. Соның кесірінен оқырмандар кімге сенерін білмей дал болады, дейді саясаттанушы Марат Шибұтов.

Марат Шибұтов, саясаттанушы:

- Шындап келгенде бұл бағдарлама сараптамалық журналистиканы дамытуға оң ықпал етеді. Сала мамандарын сыни ойлауға бағыттайды. Медиаэтика негіздерін сіңіреді. Бұл көпшілікке ақпарат ағынын дұрыс, жеңіл қабылдауға септігін тигізеді деп ойлаймын. 

Медиа тренерлерге берілген тақырып бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтсақ, оған сараптамалық журналистика, медиаэтика, ақпаратты толық зерттеп, сыни көзқараспен ұсыну кіреді. Оқу оффлайн сипатта өтеді. Қатысушылыр курс аяқталған соң өз жұмыстарын көрсетеді.

Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев, Әбен Нарымбаев