Биыл бірінші сыныпқа 336 мың бала барады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті хабарлады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес бала 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша 6 жасынан қабылданады. Құжаттарды egov.kz электрондық порталы арқылы немесе қағаз түрінде 31 тамызға дейін тапсыруға болады.

Айта кеткен жөн, бүгінде елде 8 мыңға жуық мектеп бар. Онда шамамен 4 млн оқушы білім алады.