«Бекзат Саттарханов кім?» атты балаларға арналған кітап жарық көрді

Мұнда даңқты бокшсы, Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір-жолы баяндалған.

Кітапта былғары қолғап шеберінің бокстағы жеткен жетістігі, еңбекқорлығы суреттелген. Кітап авторы Азамат Әбілқайыр: «Жастар арасында отаншылдықты насихаттап, елдің рухын көтеруді мақсат тұттым», – дейді. Кітаптың таныстырылымына Бекзаттың анасы Сырлыгүл Саттарханова арнайы келді.

Сырлыгүл Саттарханова, Б. Саттархановтың анасы:

- Бекзаттың кішкентай күнінен бастап, ол қалай спортқа келді, қалай өмір сүрді, спорттағы өмірі қандай болды? Не істеу керек, не істемеу керек сондай тәлім-тәрбие, тәртіптерінің бәрі дәріптелген. Мен ойлаймын бұл балаларға өте керемет кітап болып шыққан сияқты. Өзіме қатты ұнады.

Азамат Әбілқайыр, жазушы-журналист:

- Бұл кітаптағы құнды алатын нәрсе әр баланы өзінің ісіне деген махаббатын арттыру, ол ата-ананың жауапкершілігінде дегендей. Және бұл тек боксшыларға, спортшыларға ғана емес бапкерлерге де басқа саланың өкілдеріне де, ата-аналарға да, ұстаздарға да жалпы, бір жақсылық жасағысы келетін, бір арманына жеткісі келетін осы өмірге ізгілік алып келгісі келетін адамдар оқысын деген мақсатпен жазылды.