Техникалық білім беруді трансформациялау қалай жүріп жатыр?

Шығыс қазақстандық студенттер әзірлеген «1С - колледж»  ақпараттық жүйесі елдегі барлық кәсіптік-техникалық білім беру мекемесінде қолданылуы мүмкін.

Ақылды жоба оқу орындарындағы жұмысты оңтайландырып, барлық қызметті бір жүйеге біріктіреді. 

Өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жаңашыл жастардың жобасын көрді. Вице-премьер облыстағы педагогикалық ұжым өкілдерімен кездесті, саладағы мәселелерді бірге талқылады. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысын аңдап, жаңа міндеттер жайында айтты.

Бұл политехникалық колледжің тарихы тереңде.  Қабырғасынан мыңдаған түлек ұшқан мекеменің  іргетасы  70 жыл бұрын қаланған.  Жылуэнергетика саласына қажетті  маман дайындайтын  колледжге  дуалды оқыту жүйесі енгізілген.  Жақында студенттер World skills  республикалық чемпионатынан  екі алтын, бір күміс медаль еншілеп қайтты.  Студентттер Премьер министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға  өздері  зірлеген  «1 С - колледж»  ақпараттық жүйесін таныстырды.  Онда бухгалтерлік бағдарлама, электронды журнал сынды   бірнеше қызмет біріктірілген.

- Задание всем ребятам, которые здесь участвуют. Если вы эту программу, если это вообще возьмём за основу, то тогда, может быть, одну программу сделать на весь Казахстан. И все пусть колледжи – пусть работают.

- Поработаете? – Поработаем.

Мемлекет басшысының алдағы жылды «Жұмысшы мамандық жылы»  деп жариялағаны белгілі.  Демек  кәсіптік маман  даярлайтын саланы трансформация  күтіп тұр деген сөз. Бәсекелестікті арттыру мақсатында оқыту жүйесіне-халықаралық стандарттар енгізіледі. Колледждерге ынталандыру төлемдері қарастырылады. Тек жастарда ниет болса болғаны- дейді ұстаздар.

Исатай Исин, политехникалық колледж директоры:

- Ең негізгі мәселе бүгініг күні жастар арасында жұмысшы мамандығын игерсем дегендер өте аз.Техникалық білім алуға да аса қатты қызықпайды. Бұл  саланы  еңбекақыс аз деп санайды. Сондықтан қандай да бір ынталандыратын тетіктер міндетті түрде жүзеге асырылу керек.

«Серпін» бағдарламасы бойынша 580 студент білім алуда

Жалпы өңірде кадр мәселесі да өзекті. Сондықтан маман жетіспей жатқан салалар анықталып, түлектерді дәл сол бағытта оқыту қолға алынған. Бұл тұрғыда «Серпін»  бағдарламасының берері мол. Жоба бойынша  облыста  580 студент оқып жүр. Соның 444-і Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-де білім алуда. Дидар Сейтжан ел шығысына осыдан 9 жыл бұрын сонау Түркістаннан келген.Серпін бағдарламасымен қалаған мамандығын игеріп,дипломын алып, қазір өзі оқыған университетте  жұмыс істеп жүр. «Жас ғалым» бастамасымен баспаналы  да болды. 

Дидар Сейітжан, «Серпін» бағдарламасының түлегі:

- Бірінші кезекте 2015 жылы келген кезде бізді 100 процент жатақханамен қамтымыд, университет ұжымы , Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруға ықпал жасады, одан кейін докторонтураға түсуге үлкен себеп болды.

Сапалы білімнің негізі мектепте қаланады. Вице-премьер Тамара Дүйсенова мектеп    директорларымен жүздесіп, саладағы жаңалықтарды талқылады.  Облыста Тірек мектеп жобасы жүзеге асуда.  Оның аясында 2 миллиард теңге қаражатқа 274 кабинет жабдықталды. Бұл шалғайдағы ауыл  мұғалімдері үшін де, оқушылары үшін де ерекше қолдау.

Нәзигүл Әкибаева, Тарбағатай ауданы Абай атындағы мектеп директоры:

- Өте қажет өйткені балаларға керекті  жаңа жабдықтардан кейін балаларға қажетті құралдар материалдық технкиалық база толық қамтылғаннан кейін,оқушылардың  білім сапасы және блім алуға деген,спортқа өнер саысына деген ынтасы дами бастайды.

Ерекше күтімді қажет ететін балалар тегін оңалтудан өтеді

Білім берудегі сабақтастық үзілмеу керек. Жиында Тамара Дүйсенова осы жайға назар аударды. Сәрсен Аманжолов атындағы университет қабырғасындағы инклюзивті  білім беретін «Дана бала» орталығы  осыған мысал.Мұнда болашақ дефектологтар мен логопед мамандар кәсіби нұсқаушылардың көмегімен білім де алып тәжірибе де жинақтайды.Ал ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндер тегін  оңалту шараларынан өтеді.Күлбану Баубаева бірнеше айдан бері осында немересін әкеліп жүр.Кәсіби тұрғыда ем шара қабылдау оң нәтиже беріп жатыр дейді ол.

Күлбану Баубаева, қала тұрғыны:

- Негізі бұл орталық бізге ауадай қажет, неге дейсіз бе бала жаңағы социалиризовать етіп үйренеді. Бала отырдды,опора жсай алды Опораға үйренді бала деген.Сылқылдап жатқан  бала негізі буыны слабый ғой бұлардың соны қатайту үшін специалистер керек.

Ваучерлік қаржыландыру әдістемесінің маңыздылығы айтылды

Әр бала жүйелі әрі жан-жақты білім алуға лайықты. Балабақшадан шыққан бала мектепті еш жатырқамай, бірден сіңісіп кетуі керек. Ал бұл үшін балабақша мен мектеп арасында бірізділік болу қажет. Вице-премьер Тамара Дүйсенова  мектепке дейінгі ұйым мекемелері өкілдерімен кездесуде осы жайды түсіндірді. Сонымен қатар  келер жылдан бастап енгізілетін ваучерлік қаржыландыру  әдістемесінің маңызын айқындап берді. Жоба қазір Тараз Түркістан Шымкентте  сәтті іске асырылуда.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер министрінің орынбасары:

- Балабақшалар мемлекеттік пе, мемлекеттік емес пе мемлекеттік тапсырыс алуға мүмкіндігі бар. Егер де заңды талаптарға сәйкес болса, екіншіден әрбір ата ана өзі балабақша таңдауға мүмкіндік бар, үшіншіден  таңдаған баланың балабақшасына қарай мемлекет қаржыландыруды ұйымдастыратын болады.

Бұл балабақшалар арасындағы бәсекелестікті арттырып, олардың жауапкершілігін, қызмет көрсету деңгейін өсіреді. Жалпы білім беру жүйесі Мемлекет басшысының жіті назарында. Педагог статусы айқындалып, еңбекақы өсіп грант көлемі де артты. Вице-премьер Тамара Дүйсенова енд тек  мұғалімдер біліктілікті тереңдетіп, саналы әрі бәсекеге қабілетті мықты маман дайындау үшін еңбек ету керек, деді.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов