Балабақшалардағы ваучерлік қаржыландыру жүйесінің артықшылығы неде?

Елдегі балабақшаларға ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды 24kz.

Бұған дейін бұл жоба Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларында пилоттық режимде жұмыс істеді. Бүгінде тиімділігін дәлеледеп отыр. Жалпы дербестендірілген жүйе мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік субсидиямен қаржыландыруға арналған. Тараздағы 172 балабақша шілде айынан бастап осы жоба арқылы 10 мыңға жуық баланы бақшаға орналастырған. Ақпарттық жүйе ең бірінші кезекте ата-анаға ыңғайлы. Себебі баласын орналастыру үшін бұрынғыдай кезек күтіп, құжат тасып жүрмейді. Алдын ала ұнаған балабақшаға электронды түрде өтінім берсе жеткілікті. Орын болса, онлайн келісімшартқа отырады. Бұрын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балабақшаларға қаржыны жергілікті атқарушы органдар тарататын еді. Ал енді ваучерлік қаржыландыру арқылы ата-ананың арнайы шотына аударылады.

Айдын Досыбаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл пилоттық жоба оң бағасын алды Үкімет деңгейінде. Облыстың 10 ауданындағы барлық мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесіне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін енгізу жоспарлануда.