Астанада 70-тен астам жоғары оқу орнының ғалымдары бас қосты
Елордада 70-тен астам жоғары оқу орнының ғалымдары бас қосты, деп хабарлайды 24kz.
Онда оқыту процесіне жасанды интеллект енгізу, деректермен жұмыс істеу, экономика мен қоғамды статистикалық зерттеу, мәдениетаралық коммуникация, төмен көміртекті даму сынды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ғылыми орталықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жұмыстар пысықталды. «ХХІ ғасырдың іргелі ғылымы және басымдықтары» деп аталған жиын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің 270 жылдығына арналған. Білім ордасының Қазақстан филиалы ұйымдастырған шараға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарындағы ғалымдары қатысты.