2025 жылы Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп ашылады
Ақтөбе облысында келер жылы 11 мыңнан астам оқушы орнына арналған 14 жайлы мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды 24KZ. Бұдан бөлек, тағы 15-і шалғайдағы аудылдарда жергілікті бюджет есебінен салынады. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бірнеше нысан салу жоспарда бар. Осылайша, үш ауысымды мектептердің мәселесі шешілуі тиіс. Бұл туралы аймақ басшысы Асхат Шахаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылдың өзінде 8 жаңа білім ордасы пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталып, бірден іске қосылады.
Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:
- Үш ауысымдық және 2 апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында алдағы жылда 16,4 мың оқушыға арналған 27 жаңа мектеп салынады. Бір 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Ол қайтарылған активтер бойынша республикалық бюджеттен 7,9 млрд теңге бөлінеді және 27 ауылды интернетпен қамтамасыз етіп, қамту деңгейін 98,8%-ке дейін жеткіземіз.