«Болашақ» бағдарламасының талаптары өзгерді

«Болашақ» бағдарламасының талаптары өзгерді.

Үкімет халықаралық стипендия тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізетін қаулы қабылдады. Соған сай конкурстық іріктеу жаңартылмақ. Енді қажетті ұпайды жинамаған үміткер келесі кезеңге жіберілмейді. Одан бөлек "мемлекеттік қызметшілер" категориясы енгізілді. Бұл санат бойынша мемлекеттік қызметкерлерге "магистратура" бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады. Сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін БҰҰ, ЮНЕСКО сынды еліміз мүшелік ететін халықаралық ұйымдарда өтеуге мүмкіндік алады. Айта кетейік, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге екінші мүмкіндік қарастырылған.