Таразда студенттерге президент тапсырмасы түсіндірілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы Президент тапсырмасы тараздық жастарға түсіндірілді.

Жиында Үкіметке әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 8 міндет жүктелген еді. Әуелгісі экономиканы әртараптандыру болса, келесі мәселе инфрақұрылымның жаңа деңгейіне көшу. Президент энергетиканы дамыту, ауыл шаруашылығы саласының мүмкіндік аясын кеңейтіп, салық-бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржыландыру, денсаулық сақтау мен білім, ғылымды одан әрі дамытуды тапсырды. Қасым Жомарт Тоқаев цифрлық технологияға да аса мән беру қажеттігін айтты. Жалпы жасанды интелект пайда болғалы әлемде 87 мың жұмыс орны жойылған. Есесіне 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Сондықтан жастарымыз, технологиясы дамыған елдерден тәжірибе алып, тың салаға бет бұруы қажет дейді», - қоғам белсендісі Қасымхан Төтендиев.

Қасымхан Төлендиев, қоғам белсендісі:

- Біздің жастар бұл жасанды интелектіден қорықпау керек. Оны батыл игере беру керек. Үйрене беру керек. Әсіресе мынау дамыған мемлекеттерде қалай ол жолға қойылған соның бәрін үйрене беру керек. Технологияларға әсіресе мынау ІТ саласындағы осы жасанды интелектіге көбірек қамтылса көбірек үйренсе, ол келешекте жақсы болады.