Төрт облыста жолдар жабылды

Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.

Бұған ақ түтек боран себеп. Әсіресе "Екатеринбург - Алматы", "Үшарал - Достық", "Қызылорда - Павлодар" бағытының басым бөлігін қар басқан. Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Қазір республикалық маңыздағы күре жолдарды күтіп ұстауға 400-ге тарта көлік пен 600-ге жуық адам жұмылдырылды.