Үш өңірде көлік қозғалысы шектелді
![Үш өңірде көлік қозғалысы шектелді](/media/k2/items/cache/6ef6998eac92769cd248a2072b4b469c_XL.jpg)
Күн райының қолайсыздығына байланысты 3 өңірде көлік қатынасы қиындады.
"Қазавтожол" компаниясының мәліметінше, Жамбыл, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық трассалардың 6 учаскесі жабылды. Бұл аймақтарда бұрқасын соғып тұр. Күре жолдарды күтіп ұстауға 700-ден астам адам мен 450 техника жұмылдырылған.